Түркияның Шам жеріндегі мүддесі немесе Түркияның Ресеймен ынтымақтастығының негізгі аспектілері
Түркияның Шам жеріндегі мүддесі немесе Түркияның Ресеймен ынтымақтастығының негізгі аспектілері
5 жыл бұрын 2541 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болар, таяуда, дәлірегі, қаңтар айының 23-і күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресейлік әріптесімен кездескені. Аталған елдер басшыларының соңғы екі жыл мұғдарында жиі кездесіп кеткенін әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары мен сарапшылар сан-саққа жүгіртіп, түрлі пікірлерін білдіріп жатты. Әсіресе, батыс елдеріне Солтүстік әскери альянс құрамындағы Түркияның Ресеймен жақындасуынан қауіптенетінін жасырмады. Бұл өз кезегінде батыс елдері мен Түркия арасындағы қарым-қатынасқа керіі әсерін тигізбей қоймады. Тіпті, Түркияның ресейлік зымыраннан қорғану кешенін сатып алатыны белгілі болғанда батыс елдері Түркияға түрлі дөңайбат көрсетіп, санкция салмақ та болған. Десе де екі елдің жақындасуына ең алдымен Шам жеріндегі мүдделері себепкер болғанын айта кету керек. "Ресей - ислам әлемі" деп аталатын стратегиялық зерттеу орталығының жетекшісі Шәміл Сұлтановтың айтуынша, Шам жеріндегі жанжалды реттеуде Түркия шешу рөл ойнайды. "Түркияның Сирияда өз мүддесі бар. Ол біріншіден, сириялық аумақтан күрдтер жасағы дәл іргесіндегі республиканың (Түркияны айтып отыр - ред.) ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп тұр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бұл күрдтердің көбісі сириялық азаматтықты бар-жоғы жеті-сегіз жыл бұрын алған болатын. Түркияның күрд сепаратизімімен күресі мемлекет болып қалу мен тұтастық проблемасымен ұштасып жатыр. Екіншіден, Түркия Сирия билігіне түріктерге қарсы күштердің, соның ішінде, саудиялық күштердің келуіне жол бермеуге тырысуда. Өйткені, Садуия түріктерге қарсы екенін ашық жариялап жүр. Сирия Саудия мен Түркия мүдделерінің қақтығыс ошағы болып қалуда",- деп жазыпты ресейлік сарапшы. Бұдан бөлек, дәл қазіргі уақытта әлемнен оқшауланып, санкция астында қалған Ресейге Түркиямен жақсы қарым-қатынаста болудың маңызы зор. "Ресей үшін Түркиямен қарым-қатынас орнатудың өмірлік маңызы аталған ел аумағы арқылы Еуропаға украиналық газ транзиті баламасының жүзеге асырылуымен байланысты. Өйткені, Еуррпа газ нарығы ретінде маңызды - Ресейге мол қаржы түсіретін. Осыған орай Түркияны алмастыратын балама жоқ. "Солтүстік ағын - 1" және "Солтүстік ағын-2" жобалары Түркиямен салыстырғанда газ жеткізу әлеуеті өте төмен. Бұдан бөлек, Ресей Түркияға мол қаржы салып отыр - мәселен, "Аққұй" атом электр стансасы құрылысына",- деп жалғастырыпты ол. Сонымен қатар, Балқан түбегінде ресейліктерге қарағанда Түркияның ықпалы қатты жүріп жатыр. Одан қалса, еуропалықтар Түркиядан мына мәселе бойынша қауіптенеді: Түркия кәрі құрлыққа ағылған босқындар тасқынын тежеп отырған ел. Екі ортадағы қалқан іспетті. Сол себепті, еуропалық елдер Түркиямен санасуға мәжбүр. 

0 пікір
Мұрағат