Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді (фото+видео)
Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді (фото+видео)
8 жыл бұрын 3151

15 шілдеде Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым елде әскери төңкеріс әрекеті болғаны туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "tengrinews.kz" ақпарат көзі.

"Әскери адамдар тобы өздеріне берілген құзірет мен қаруды пайдалана отырып, құқыққа қайшы әрекет жасамақ болды... Мұны төңкеріс деп айту дұрыс емес шығар, бірақ, қандай жағдай болса да біздің азаматтарымыз тыныштықта өмір сүруі керек, біз бейбітшілік пен тәртіпті сақтау үшін қолдан келгенді жасаймыз. Кінәлі адамдар ең қатал жаза алады", - деп мәлімдеді түрік үкіметінің басшысы "NTV" телеарнасының эфирінде телефон арқылы.

Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарналар хабар таратуын тоқтатты. Анкарада "Facebook" және "Twitter" әлеуметтік желілері бұғатталды.

Сонымен қатар, Түркия астанасында әскери тікұшақтың ұлттық барлау қызметінің ғимаратының маңында оқ атқаны хабарланып отыр. Әскерилер Босфор арқылы көпірлерді қоршауға алды. Куәгерлер Желіге суреттер мен видеоларды жариялап жатыр. 

 

0 пікір
Мұрағат