Түркияда 1923 жылдан бері алғаш рет шіркеу тұрғызылатын болды
Түркияда 1923 жылдан бері алғаш рет шіркеу тұрғызылатын болды
5 жыл бұрын 2248 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияда биыл шіркеу бой көтереді. Яғни, аталған ел аумағында 1923 жылдан бері алғаш рет шіркеу құрылысы қолға алынады. Нақтырақ айтқанда, Стамбұл шаһарында келесі айдан (ақпан) бастап, сириялық православтар шіркеуінің алғашқы тасы қаланады. 700 адамға шақталған шіркеу құрылысы екі жылдан соң аяқталмақ. Естеоріңізге сала кетсек, Түркияда діни азшылық өкілдерінің 2015 жылы сол кездегі ел премьері Ахмет Дәуітоғлымен кездесуінде жаңа шіркеу салынатыны жөнінде бастама көтерілген болатын. Бұған көрші елден ауып келген сириялық босқындар арасында сиро-яковтық христиандар қарасының артуы себеп болған. Қазіргі уақытта бір ғана Стамбұл қаласында кем дегенде 25 мың сиро-яковтық христиан бар.

0 пікір
Мұрағат