Түркия түркі тілдес елдермен экономикалық одақ құру жайында ұсыныс білдірді
Түркия түркі тілдес елдермен экономикалық одақ құру жайында ұсыныс білдірді
7 жыл бұрын 10092 Yenicag.Ru

Түркі тілідес елдермен ынтымақтастықты арттыру үшін экономикалық одақ құрып, еркін сауда айналымына ену қажет және кедендік кедергілерді азайту керек. Баку қаласында өткен түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесіне мүше елдердің экономика министрлерінің VI мәжілісінде Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекчи әріптестеріне осындай ұсыныс білдірді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда түркі тілдес елдердің арасындағы экономикалық байланыс осы елдердің экономикалық әлеуетімен сәйкес келмейді. 

"Түркі кеңесінің құрамына кіретін елдердегі адам саны 155 млн-нан асып жығылады. Аталған елдердің ұлттық жиынтық табысы 1,2 триллион доллардан асады. Түркі тілдес елдер арасындағы сыртқы сауда айналымы 600 млрд доллардан асқанымен осы елдер арасындағы өзара сауда айналымы бар-жоғы екі пайыздан аспайды. Біз бұл көрсеткішті кем дегенде 5-10 пайызға жеткізуіміз керек. 

0 пікір
Мұрағат