Түркия мен Әзірбайжан өзара сауданы төл валюталарымен жасайды
Түркия мен Әзірбайжан өзара сауданы төл валюталарымен жасайды
7 жыл бұрын 2952 egemen.kz

Түркия шет елдік әріптестерімен өзара сауданы ұлттық валюталарында жасауға көшіп жатыр. Бұған дейін елдің Ресей, Иран, Қытаймен осындай келісімге келгені айтылған еді. Сонымен қатар6 Жапония да Түркиямен тек лира және иенмен саудаласуға мүдделі екенін мәлімдеген еді, деді Бакуде Түркияның ұлттық экономика министрі Нихат Зейбекші журналистерге берген сұхбатында. Бұл туралы Haberler басылымы жазады.

Министрдің айтуынша, өзара сауданы жүз пайыз ұлттық валютаға көшіру мүмкін емес, дегенмен, Анкара бұл бастаманы жеделдетуге бар күшін салып жатыр.

Зейбекшінің айтуынша, Баку мен Анкараның сауда-экономикалық қатынастары соңғы жылдары жаңа деңгейге көтерілді.

«Қазіргі таңда екі ел арасындағы тауар айналымы 3,5 млрд долларды құрайды. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш 10-15 млрд долларға ұлғайтылмақ», — деді Зейбекші.

0 пікір
Мұрағат