Түріктердің ұшқышсыз ұшатын тікұшағы қанаты, реактивті зымырандармен жабдықталады (видео)
Түріктердің ұшқышсыз ұшатын тікұшағы қанаты, реактивті зымырандармен жабдықталады (видео)
2 жыл бұрын 1632 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түрік инженерлерінің өз қолынан шыққан заманауи Alpin ұшқышсыз ұшатын тікұшағы қанатты әрі реактивті зымырандармен жабдықталады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде SEDEC көрмесінде осындай мәлімдеме жасаған Titra Teknoloji технологиялық компания жетекшісі Дәуіт Йылмызға жөн сілтеген Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, компания еуропалық екі ел мен НАТО-дан сынақтарға және тендерлерге қатысуға шақырту алды, ал демо-рейс тамыз айында басталады. Бұдан бөлек, бұл тікұшаққа Таяу Шығыс пен Африка елдерінен әлден сұраныс түсіп жатыр. Осылай деген ол қазіргі уақытта компания мамандары өзге де беспилотты жүйелерді құрастырып жатқанын жеткізді. Дәуіт Йылмыз сөз арасында Alpin ең алдымен логистикалық мақсатта, барлау және түсірілім жұмыстарын жүргізу үшін құрастырылғанын айта келе жүк тасымалдау үшін де пайдалануға болатынын айтып қалды. Яғни, әскери мақсатта ғана емес, сонымен қатар, азаматтық істерге де пайдалануға болады. Alpin өзге беспилотник аппараттарға қарағанда ең басты артықшылығы – бұлттан жоғары ұша алады.

 

0 пікір
Мұрағат