Тұрғын үйлерді сүргені аздай енді мешітті қиратуға кіріспек
Тұрғын үйлерді сүргені аздай енді мешітті қиратуға кіріспек
7 жыл бұрын 4095 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Израил билігі өздері жаулап алған Құдыс шаһарындағы аудандардың біріндегі, яғни, палестиналықтардың атамекеніндегі мешітті сүруге пәрмен берді. Нақтырақ айтқанда, Құдыстағы Силбан ауданында орналасқан Абдолла ас-Санауи атындағы мешіт сүрілетін болды. Мешіт құрылысының тиісті орындардың рұқсатынсыз жүргізілгенін желеу етіп, сүріп тамтамақ. Бұл жайында Middle East Monitor ақпарат көзі хабар таратты. Осылайша байырғы мұсылмандар өлкесін иудаландыру саясатын жүзеге асырып отыр. Силбан қорғаныс комитетінің мүшесі Пақыр Әбу Диаб аталмыш құлшылық үйінің осыдан бірнеше жыл бұрын садақадан түскен қаржыға уақыптар жер теліміне салынғанын айтып отыр. Бұл мешітке 4000-дай адам тұратын Дәйр ас-Сунна ауданының жамағаты келіп намаз оқитын. Бұл ауданда одан өзге мешіт те жоқ құлшылық ететін. Ал мешіт құрылысын заңды жолмен жүргізуге рұқсат алу мәселесіне келсек, ол мүмкін еместігін алға тартып отыр. Өйткені, Израил билігінің мешіт құрылысына ешуақытта рұқсат бермейтіні белгілі. 

0 пікір
Мұрағат