Түнгі клубта айтылуға мәжбүр болған уағыз
Түнгі клубта айтылуға мәжбүр болған уағыз
6 жыл бұрын 4672 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мифтаим Анам Мәулана Хабибуррахман – сырт келбетімен, түр-тұлғасымен, киіну мәнерімен ерекшеленіп тұратын "имам". Ол уағызын мешітте емес, түнгі клубта айтуға мәжбүр. Оның айтуынша, түнгі клубтың бармендері мен өзге де қызметкерлері мешітке барып, уағыз тыңдай алмайды. Өйткені, консервативті орта оларды жақтыра бермейді. Нәпақасын айырып жүрген жұмыстарының ерекшелігіне байланысты. Әдетте түнгі клубты "жын-шайтанның ордасы" санайтындар оларды мешітке жолатпауға тысырады. Бұл жайында Channel News Asia ақпарат көзі хабар таратты. Десе де түнгі клубтағылар 37 жастағы Гус Мифта деген лақап есіммен танымал "имамның" уағызын тыңдайды. Жаратқанды ұмытпасы үшін. "Жұмыс нарығы мен өмір оларды осындай жұмысқа шығуға әрі жан бағуға итермелеп отыр",- деді "имам". 

0 пікір
Мұрағат