Трансшекаралық гидрология: қырғыздар су ресурсын жинайтыны үшін көрші елдерден қаражат талап етуде
Трансшекаралық гидрология: қырғыздар су ресурсын жинайтыны үшін көрші елдерден қаражат талап етуде
4 жыл бұрын 1831 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қырғызстан Түркістан аймағындағы барлық елдердің мүддесі ескерілетін бастама көтерді. Қараша айының 29-ы күні аталған ел президенті Соронбай Жәнібеков Түркістан аймағы елдерінің басшыларымен бас қосуында климат өзгерісіне байланысты орын алып отырған су ресурсы төңірегіндегі проблемаларды тізбелей келе аталған бастаманы көтерді. Оның айтуынша, жаһандық жылыну салдарынан климат өзгерісіне байланысты ел аумағындағы аймақтағы тұшшы су көзі болып табылатын мұздақтардың қарқынды еріп жатыр. Осылай деген ол аймақтағы су ресурсының 45%-ы ұырғыз тауларында қалыптасатынын тілге тиек етті. Осының салдарынан аймақтың экологиясында, экономикасында, т.б. салаларына реріс әсерін тигізетінін алға тартты. Қалыптасқан ахуалға байланыста мұздақтарды сақтаудың жолдарын қарастырып, су-энергетика мәселесінде ортақ келісімге келуге шақырды. «Күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, Түркістанда су ресурсының жиналуы үшін өтемақы өндірудің өзара тиімді тетіктерін әзірлеуіміз керек»,- деп мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат