Тоқал алуды заңдастыруды сұрап отыр
Тоқал алуды заңдастыруды сұрап отыр
6 жыл бұрын 5858 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Екінші әйел алуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанына қарамастан қырғыз қоғамында жауыннан кейінгі саңырауқұлақ секілді тоқал алғандар қарасы көбейіп келеді. Бұл жайында аталған елдің конституциялық палатаның бұрынғы мүшесі Клара Сооронкулова Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында жария етті. Оның жазуынша, күйеуі әйел үстіне әйел алса, бәйбішесіне моралдық өтемақы төлеуі тиіс өз қалтасынан. «Көп әйел алуға заңмен тыйым салынса да оның құқықтық тиімділігі төмен. Өкінішке қарай, көп әйел алушылыққа ер-азаматтар ғана емес, сонымен қатар, әйелдердің өздері мүдделі болып отыр. Әйелдер құқығын қорғайтын өзге тетіктер іске қосылуы керек. Мәселен, неке келісім-шарты институты»,- деп жазыпты ол. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Қырғызстанда көп әйел алу мәселесі бұрынғы мүфти Шұбақ Жәлеловтың тоқал алғаны турасында мәлімдеме жасағаннан кейін қоғамның назарын өзіне аударған болатын.

0 пікір
Мұрағат