Тоқал алған ер-азаматтар абақтыға жабылатын Орта Азия елі
Тоқал алған ер-азаматтар абақтыға жабылатын Орта Азия елі
6 жыл бұрын 3168

Орта Азия бойынша Өзбекстан жалғыз ел шығар көп әйел алғандар мен мемлекеттік тіркеуге тұрмай неке қидырғандар заңмен қудаланатын. Қазіргі уақытта аталған елдің республикалық әйелдер комитеті заңды айналып өтіп, неке қидырғандарды анықтауға кірісіп отыр. Әзіргі ел аумағында 12 мыңдай отбасы бары анықталды. Ресми неке қидырмаған. Бұл жайында Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Танзил Нарбаев мәлім етті. Оның айтуынша, әйелдер ұйымының араласуымен әрі атсалысуымен бес мыңнан аса неке арнайы орында, яғни, мемлекеттік хал актілерін тіркеу орындарында тіркелді. Бұл елде азаматтық немесе шариғат талаптарына сай неке қидыруға заң жүзінде тыйым салынбаған. Алайда, тоқал алғандарға Қылмыстық кодексте айыппұл салудан 3 жылға дейін абақтыға жабу жазасы қарастырылған. Сөз орайы келгенде айта кетейік, аталған елде мемлекеттік тіркеуден өтпеген жұптардың  шариғат талаптарына сай некесін қиған дін қызметкерлеріне қылмыстық жауапкершілік енгізу мәселесі көтерілген еді. Өткен жылы. Бұл ұсыныс әзірге ел президенті Шавкат Мирзеевтің көп әйел алушылықпен тиімді күресуге мүмкіндік беретін жаңа заң жобасын тапсыруына байланысты белгісіз мерзімге кейінге шегерілген болатын. Жаңа заң жобасында имамдардың неке қидырудағы жауапкершілігі де қарастырылуы мүмкін. Бұл көп әйел алушылықпен күресуге арналған жаңа заң жобасы ең алдымен некесіз туған балалардың мүддесі үшін қолға алынып отыр. Кейін мемлекет тарапынан берілетін түрлі көмектерден қағылмасы үшін. Алайда, зайырлылықты алға тартып, шығыс дәстүрінде бұрыннан бар көп әйел алушылыққа заңмен тыйым салып, осындай жоқ жерден проблема (көп әйел алушылықты заңсыз деп танып, некесіз туғандар мүддесін ойлаған болып) тауып алып отырған өзбек билігінің әрекеті бірыңғайда Қожанасырдың әрекетіне ұқсап кетеді. 

0 пікір
Мұрағат