Терроризмге қатысты жазаны күшейтті
Терроризмге қатысты жазаны күшейтті
8 жыл бұрын 2621

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов әӨзбектсна Республикасының кейбір заңнамалық акітелірен өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Аталған заң бойынша қылмыстық кодекске террористік ұйымдарға тартқан және оларды қаржыландырған тұлғаларға жауапкершілікті күшейту жөнінде толықтыру енгізу қарастырылған. Бұл жайында «Trend» ақпарат көзі хабар таратты. Толықтыруда айтылғандай, террористік әрекетті жүзеге асыру үшін жаттықтыру мақсатында тұлғаларды тартқан адам 8-10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал террористік әрекеттерді жүзеге асыратындарды қаржыландырғандар 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, терроризмді қаржыландырған тұлға өз ісіне өкініп, билік органдарына дер кезінде хабарлап, лаңкестік әрекеттің алдын алуға көмектессе, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. 

0 пікір
Мұрағат