Терроризимнің алдын алатын стратегия керісінше лаңкестікке жол ашып беріп отыр
Терроризимнің алдын алатын стратегия керісінше лаңкестікке жол ашып беріп отыр
7 жыл бұрын 2990 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Британдық әлеуметтанушылар мен педагогтар мектеп қабырғасында оқытылатын экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың мұсылман оқушылардың жүйкесіне салмақ салып отырғанын айтып, дабыл қақты. Яғни, мұсылмандарды жаппай лаңкес көретін қоғамды жайлаған жаңсақ ұғым мұсылман оқушылардың психикасына теріс әсер етуде. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, Ковентри, Дарема және Хаддерсфилда университеттерінде жүргізіліп жатқан Prevent стратегиясы жастар ортасына экстремистік идеяның таралу себебін айтарлықтай дәл анықтай алмайтыны, яғни тиімсіздігі анықталды. Бұл өз кезегінде жасөспірімдердің маргиналдануына, қоғамнан оқшаулануына және тұйықталып, керісінше теріс жолға түсуіне ықпал етеді. Ковентри жоғарғы оқу орнының ғалымы Джоэль Бушердің айтуынша, батыс елдерінде экстермизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған аталмыш стратегия керісінше нәтиже тудырады. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты. Осындай себептерге байланысты британ ғалымдары ел билігінен лаңкестікке қарсы мемлекеттік бағдарламаны қайта қарастыруға кеңес беруде. 

0 пікір
Мұрағат