Татарстанның басына бұлт үйірілді
Татарстанның басына бұлт үйірілді
7 жыл бұрын 4935 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кремль биыл тамыз айында мерзімі бітетін Ресей мен Татарстан арасындағы құзыреттілікті бөлу туралы келісім-шартты ұзартуға бейілді емес. Бұл жайында РБК ақпарат көзі федералды деңгейдегі лауазымды тұлғаларға сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Ол ол ма, Кремлдің РФ-ның президент мәртебесі сақталған бірден-бір республика болып отырған аталған аймақтың ерекше өкілеттігіне басымдық беретін жаңа келісім-шарт бекітпейтіні де белгілі болды. Бұдан былай, Татарстанда да президент мәртебесі алынып тасталуы мүмкін. Татарстан, сондай-ақ, федералды билікпен "келісім-шарт" негізінде ғана қатынас жасайтын РФ құрамындағы жалғыз ел. Бұл артықшылығынан да айырылуы ықтимал. Ресейден тәуелсіздігін алуға ұмтылған түркі тектес татарлардың бұрынғы күніне зар болып қалатын түрі бар. Айта кетейік, Кремлмен арадағы келісім-шарт бұрындары аталмыш республика азаматтарына Татарстан елтаңбасы бейнеленген әрі орысшасымен қатар татар тілінде төлқұжат беруге мүмкіндік беріп келген еді. Келісім-шарт бекітілмейтін болса, татарлар бұл артықшылықтан да қағылатын түрі бар. Айта кетейік, РФ тұңғыш президенті Борис Ельцин тұсында орталық аймақтармен құзыреттілікті бөлу туралы келісім-шарт бекіткен болатын. 1998 жылы РФ-ның 46 субьектісімен осындай келісім-шарт бекітілген екен. Бұл келісім-шарт аймақтарға өз салық жүйесін енгізуге, Ұлттық банкін құруға, табиғи ресурстарды өз қалауынша пайдалануға мүмкіндік беріп келген еді. 2000-шы жылдардың бас кезінде Кремль субьектілердің заңнамасының федералдық заңнамаға сәйкестендіруге кіріскен болатын. 

0 пікір
Мұрағат