Тәліптерді тегеурініне төтеп бере алмаған америкалықтар шегіне бастады
Тәліптерді тегеурініне төтеп бере алмаған америкалықтар шегіне бастады
6 жыл бұрын 3093 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ қолдауына ие Ауғанстанның үкімет әскері халқы аз елді-мекендерді тастап шығып жатыр. Осылайша шегіну арқылы ұлан-ғайыр аумақты тәліптер қозғалысының иелігіне соғыссыз, ұрыссыз қалдырып жатыр. Есесіне, әскерилер халық тығыз орналасқан ірі қалаларды қорғауға жұмылдырылады. Мұндай тактика Қандағар, Құндыз, Кабул секілді стратегиялық маңызы зор ірі қалаларды сенімді қорғауға керек. Бұл жайында The New York Times ақпарат көзі хабар таратты. Сөз орайы келгенде естеріңізге сала кетсек, Ауғанстанда 407 аудан бар, олардың 229-ын осы уақытқа дейін үкімет әскері бақылап келген еді, ал 59-ы тәліптер қозғалысының иелігінде болатын. Қалған 119 аудан даулы аймаққа жататын. Бұл даулы аймақтарда әскери ұрыс жүріп жататын. Тағы бір естеріңізге сала кететін жайт: ауған жерінде қазіргі уақытта 14 мың шамасында америкалық сарбаз жүр. 1996-2001 жылдар аралығында Ауғанстан билігінде болған тәліптер қозғалысын АҚШ пен Солтүстік атлант әскери альянсы қарулы күштері ығыстырып, тәліптер қозғалысы партизандық тактикаға көшкен болатын. 

0 пікір
Мұрағат