Тәліптер тәжіктер шекарасына жақындап қалды
Тәліптер тәжіктер шекарасына жақындап қалды
9 жыл бұрын 3230

Тәліптердің жекелеген топтары Тәжікстанның шекарасына тым таяу келгендіктен тәжіктер екінші қорғаныс шебін құруға мәжбүр болды.

Тәліптер Ауғанстанның Бадаһшан провинциясының 80%-ға жуық аумағын өз бақылауына алды. Аталмыш провинция Тәжікстанмен арадағы шекара маңында орын тепкен. Бұл өз кезегінде тәжіктер билігін алаңдатып отыр. Барлау қызметінің ақпаратына қарағанда, тәліптер мемлекеттік шекараны қиып өтуге әзірге ниеттеніп отырған жоқ. Тәжіктердің «Азия Плюс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ауғандықтар ел билігін тәліптердің алдында дәрменсіздік танытып, іс насырға шаппай тұрғанда қандай да бір шұғыл шара қолданбай отырғаны үшін айыптаған. Егер ауған билігі тәліптерге тойтарыс бермесе, миллиондаған тұрғыны бар Бадаһшан провинциясы түгелімен тәліптердің қоластына өтеді. 

0 пікір
Мұрағат