Священниктер мұсылмандарды жаппай шоқындыру саясатының себебін айтты
Священниктер мұсылмандарды жаппай шоқындыру саясатының себебін айтты
7 жыл бұрын 4203

Батыс Еуропадағы шіркеу басшылары мұсылман елдерінен, әсіресе, Ауғанстан мен Ираннан келген босқындарды жаппай шоқындыру саясатының астарын айтып жатыр. Десе де оның шынайы себебін айтқан шіркеу басшыларының қарасы аз екенін айта кеткіміз келеді. Мәселен, Германияның азат евангелистер шіркеуінің священнигі Маттиас Линк аталған елдің көші-қон және босқындар ісі жөніндегі мемлекеттік қызмет өкілдерінің өздерімен жиі байланысқа шығып, христиандықты қабылдаған мұсылмандардың тізімін алып отырғанын жеткізді. Христиандықты қабылдаған босқындарды паналату үшін осындай қадамға барғандарын да жасырмады. Бұл жайында IslamNews порталы International Business Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат