Суда қалқымалы қонақ үй салынады
Суда қалқымалы қонақ үй салынады
8 жыл бұрын 3549

2016 жылдың қазан айында Дубай жағалауларында тұрғын үй, яғни, виллалар мен қонақ үйлер кешенінің құрылысы басталады. «Еуропа жүрегі» деп аталатын жобаға 800 млн доллар қаражат жұмсалады.Қалқымалы қона үйлердің бірінші қабаты су астында, ал екіншісі теңіз деңгейінде, үшінші қабаты судың үстіндеболады. Аталмыш кешен 75 жекеменшік вилладан, 6 қонақ үйден, 6 қалқымалы сарайдан, 6 шамшырақтан (маяктан) тұрады. Олардың ішінде сауда орындары, мейрамханалар, сауық-сайран орталықтары халыққа қызмет көрсетеді. 

Шөл ортасында жасанды тау тұрғызбақ

БАӘ үкіметі Университеттік атмосфералық зерттеулер корпорациясы мен метеорология мен сейсмологияны зерттеу бойынша араб ұлттық орталығына жүгінді. Олар тау тұрғызу мүмкіндігін және бұл үшін қолайлы жерді қарастырады. Қазір ғалымдар тауды салу мүмкін бе, жоқ па екенін, жауынды шақырту үшін таудың биіктігі қанша болу керектігін анықтап жатыр.

БАӘ-да тау құрылысы басталғанға дейін NCAR ғалымдары мен зерттеушілері аталған жобаның құнын есептеп, оны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруы қажет. Егер ел үкіметі бұл ауқымды жобаны ел бюджеті көтеретініне көз жеткізген соң ғана инженерлер командасы оны жүзеге асыруға кіріседі. 

0 пікір
Мұрағат