Сиырға сиынатындар елі сиыр етін экспорттаудан алға шықты
Сиырға сиынатындар елі сиыр етін экспорттаудан алға шықты
5 жыл бұрын 6533 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ауыл шаруашылық және азық-түлік ұйымы келтірген дерекке сәйкес Үндістан сиыр етін экспорттаудан Бразиялия мен Австралиядан кейін үшінші орынға шыққан.  Яғни, үнділердің бұл саладағы үлесі әлемдік сиыр еті экспортының 16 пайызын құрап отыр. Сиырды сойған, сиыр етін азық еткен, сиырды сою немесе сату үшін бордақылаған мұсылмандар таяқтан көз ашпайтын елдің мұндай жетістікке жетуінің үнділердің сиыр етін тұтынбауы ғана емес, сонымен қатар, басқа да себебі бар. 2005 жылы Үндістанның бірқатар штатында сиырды союға қатаң тыйым салатын заңнамалар қолданысқа енді. Сиырға табынып, вегетериандықты насихаттайтын үнділер мұндай жетістікке қалай қол жеткізді? Енекенің арқасында. Енеке сиыр сияқты киелі жануар саналмайды бұл елде. Су енекесінің көбеюіне байланысты аталған ел сиыр етін экспорттаудан көш бастап тұр. Яғни, Үндістан аумағында сойылған енекелер етінің шамамен 90 пайызы экспортқа шығарылады. Негізінен, Оңтүстік-шығыс Азия елдеріне және Таяу Шығыс аймағына эксопртталады. Кейінгі кезде Ресей Федерациясы, Түркіменстан, Ирак, Индонезия, Мысыр, Вьетнам, Малайзия осы елден сиыр етін импорттауға көшті.

Сиырға сиынып тұрған үнді әйелі

(СкÑлÑпÑÑÑа коÑовÑ)

Сиыр пұты

ÐоднÑй бÑйвол

Су енекесі

0 пікір
Мұрағат