Сириялық босқындарды ең көп қабылдаған ел белгілі болды
Сириялық босқындарды ең көп қабылдаған ел белгілі болды
6 жыл бұрын 2452 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сириядағы соғыс басталғалы бері Иордания 1,3 млн сириялық босқынды қабылдаған. Бұл жайында Біріккен Ұлттар ұйымының және Еуропалық одақтың бастамасымен Брюссел қаласында өткен халықаралық жиында Иорданияның сыртқы істер министрі Айман Сафади мәлім етті. Оның келтірген дерегіне қарағанда, 2015 жылы Иордания аумағында 1,265 млн сириялық босқын болған. Алайда, олардың тек 660 мыңығана ресми түрде босқын атанған. Жеті жылға созылған соғыста қарулы қақтығыс жүрген ел аумағында 400 мыңнан аса адам опат болған. 5,6 млн-нан аса адам бассауғалап, өзге елдерге босып кеткен. Қазіргі уақытта 13 млн сириялық көмекке аса мұқтаж.

0 пікір
Мұрағат