Сирияда қайтыс болған балалардың саны рекордтық деңгейге жетті
Сирияда қайтыс болған балалардың саны рекордтық деңгейге жетті
7 жыл бұрын 3045 gamshy.kz

ЮНИСЕФ-тің мәліметінше, 2016 жылы Сирияда 650-ден астам бала кісі қолынан қаза тапқан деп хабарлайды bbc.com. Жүздеген бала қажетті медициналық жабдықтар болмай, ауырып қайтыс болды. ЮНИСЕФ есебі Сириядағы қарулы қақтығысқа 6 жыл толғанда жария етілді. Бір апта бұрын халықаралық Save The Children қайырымдылық ұйымы сириялық балалар «токсикалық стрессті» бастан өткеріп жатқанын айтады. Ол келешекте балаға психологиялық және физикалық зардап алып келуі мүмкін. ЮНИСЕФ-тің берген ақпарына сәйкес, өткен жылы 851 бала қарулы қақтығысқа қатысуға мәжбүр болған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

0 пікір
Мұрағат