Сиам егіздері сәтті ажыратылды (ФОТО)
Сиам егіздері сәтті ажыратылды (ФОТО)
8 жыл бұрын 5332

Сауд Арабиясында Фатима және Мишал есімді сиам егіздері сәтті ажыратылды. Бұл қатерлі отаға тәжірибелі 20 дәрігер, медбике және техникалық қызметкерлер қатысқан. Отаның ең қиын сәті бауырды бөлу кезінде орын алған. Өйткені, олардың бауыры бірігіп кеткен еді. Бұл ота әлем бойынша кедей отбасылардан шыққан сиам егіздерін ажыратуға арналған королдік бағдарлама аясында жүзеге асырылды. Аталмыш жобаның жетекшісі, дәрігер Абдулла Rabeeah 1990 жылдан бері үш құрлықтан 20 елдің тұрмысы жұпыны отбасына 40 процедура жүргізгенін жеткізді.

0 пікір
Мұрағат