Шетелдік инвесторлар Қытайдан кетіп жатыр
Шетелдік инвесторлар Қытайдан кетіп жатыр
7 жыл бұрын 3405

Шетелдік инвесторлар Қытай нарығын тастап кетіп жатыр. Бұған салықтық жеңілдіктердің төмендеп кетуі мен жұмыс күшінің қымбаттауы себеп болған. Нәтижесінде көптеген кәсіпорын бизнесін Азияның өзге де дамушы елдеріне ауыстырып жатыр.

Америка-Қытай сауда палатасының 500-ге жуық мүшесінің 4-тен бір бөлігі Қытай еліндегі бизнесін тоқтатқан және жақын уақытта тоқтатуға дайын отыр. Мәселен, қаңтарда әлем бойынша компьютерге арналған қатты диск шығаратын Seagate компаниясы Сучжоу қаласындағы өндіріс орнын жапты. Онда 2 мыңға жуық қытайлық жұмыс істейтін еді.

Кейін белгілі болғандай, Sony, Panasonic, L’Oreal мен Microsoft компаниясы да Қытай елінен кеткен.

0 пікір
Мұрағат