Шаруалар кока егістік алқаптарын жоюға қарсы (видео)
Шаруалар кока егістік алқаптарын жоюға қарсы (видео)
7 жыл бұрын 3294

Колумбияда шаруалар үкімет пен «ФАРК» қозғалысының кока егістік алқаптарын жою туралы шешіміне қарсы наразылық шеруіне шықты, деп хабарлайды 24.kz. Попаян қаласында өткен акцияға 3 мыңнан астам фермер қатысқан. Олардың айтуынша, коканы өсіруден бас тартқаны үшін берілетін қаржы өте аз. Сондықтан шаруалар биліктен оның көлемін ұлғайтуды сұрап отыр. Ал бірлескен жоба бойынша үкімет коканы өсіруден бас тартқан фермерге ай сайын 350 доллар бермек. Сонымен қатар басқа жеміс-жидек пен какао өсіруге үйретуді қолға алмақ. Ал Колумбияда кокамен 50-60 мың отбасы айналысады. Эдгар Мора, шарулар ұйымының басшысы: – Кока өсіргеніміз үшін бізді қылмыскер қатарына қосып отыр. Оны шалғай елді мекендерде егеді. Егер олар кока өсімдігін өсіруден бас тартып, өзге дәнді дақылдарды баптауға көшсе, тап қазіргідей табыс таба аламас еді. Ал бұл оларға тиімсіз.

islam.kz редакциясы тарапынан қосымша мәлімет:  

«Кока» сөзі мынадай ұғымдар береді:  Кокаин – "коки" деп аталатын өсімдік жапырағында кездесетін алкалоид; ол жүйке жүйесіне әсер етіп, қоздыратын сипатқа ие. Кейде белгілі уақыт аралығында ауруда басатын құрал ретінде қолданылады. Кокаин - есірткінің бір түрі; Кока-кола - әлемге әйгілі, жарнамасы жер жарса да зиянды деп танылған, газдалған сусын түрі. 

 

0 пікір
Мұрағат