Шартарап: Жапондық мамандар «көрінбейтін» пойыздар шығарғалы жатыр
Шартарап: Жапондық мамандар «көрінбейтін» пойыздар шығарғалы жатыр
8 жыл бұрын 2785 inform.kz

Сағатына 300 шақырым жылдамдықпен жүре алатын пойыздарды жасап шығарған Жапония инженерлері мұнымен тоқтап қалмақ емес. 

Енді олар бірегей жоба - «көрінбейтін» пойыздарды құрастырып жатыр.

Қазіргі уқытта сәулетші Казуё Седзима мен оның тобы қоршаған ортамен «тұтасатын» құрамды шығарумен айналысуда. Аталған жоба Seibu Group компаниясының тапсырысы бойынша дайындалып жатыр. Атақты Red Arrow пойызының жаңа нұсқасы компанияның 100 жылдығына қарсаңында дайын болады.

Сәулетшінің ойластырғанындай, құрам жартылай шағылыстыратын материалмен жабылып, сол арқылы көрінбейтін болады. Сондай-ақ өзгерістер оның интерьеріне де қатысты - сапар кезінде жолаушылардың өздерін үйде жүргендей сезініп, демалуы үшін пойыздың ішінде барлық жағдай жасалады.

Бұл өзгерістер пойыздардың шектеулі санына ғана енгізілетіні шамаланып отыр, мұндай жаңғырту жұмыстары бірінші кезекте 1993 жылдан бері қызмет етіп жүрген Seibu 1000 сериялы электр пойыздарында жүргізіледі. Қоршаған табиғи ортаға 100 пайыз еніп кететін құрамдар 2018 жылдан бастап жолға шығады.

null

Германияда ұшатын автомобильді сынақтан өткізді (ВИДЕО)

Ұшатын трансформер-автомобилі Германиядағы полигонда алғашқы сынақтан өтті. Volocopter құрастырушылары көліктері қала көшелерімен де жүріп, аспанда да ұша алатынына сенімді. 

Volocopter 18 винті мен кабинасы бар алып  квадрокоптер сияқты. Ол ұшуға бейімделген және сағатына 25 шақырым жылдамдықпен ұша алады. Құрастырушылардың пікірінше, мұндай көлік кептелісте тұрмай, ұшып, иелерін тіпті басқа қалаға да жеткізе алады. Алайда Volocopter тікұшақтан ерекшеленеді: олардың винттері түрлі принцип бойынша жұмыс істейді. Әзірге бұл машина доңғалақсыз қозғалуда. Өйткені оның салмағын көтере алмайды. Құрастырушылар бұл бағытты жетілдіреміз деп отыр.

Шанхайда биіктігі минус 80 метр болатын футуристік қонақүй салынып жатыр - ВИДЕО

Сунцзян (ҚХР) ауданы аумағында бұрынғы құрылыс карьерасында ерекше 5 жұлдызды қонақүй салынуда. Құны $525 млн тұратын жоба 2017 жылы аяқталады.

370 нөмірлік қонақүйдің екі су асты, 17 жер асты, екі жер үсті қабаты болады. Оның жер бетінен тереңдігі 80 метр, қонақүйдің атауы - The Quarry Hotel.

Құрылыс жүріп жатқан өңір сарқырама, дөң-белестерімен белгілі.  Шатыры көгалдандырылып, күн энергиясын технологиялық пайдаланудың арқасында қонақүй әлемдегі ең жасыл қонақүй атауына үміткер бола алады.

Карьера биігінен 100 метрлік сарқырама ағып тұратын болады,  бір сарқырама ғимараттың үстімен ағатын болады. Оған панорамалы лифт орнатылады, деп жазды Росбалт. 

0 пікір
Мұрағат