Шартарап: Әлемдегі ең үлкен ұшу құралы жасалды (видео)
Шартарап: Әлемдегі ең үлкен ұшу құралы жасалды (видео)
8 жыл бұрын 2967 inform.kz, 24.kz, rosbalt.ru

Ұлыбританияда әлемдегі ең үлкен ұшу құралы жасалды. «Эйрлендер – 10» дирижаблінің ұзындығы - 92 метр. Оны әзірге жолы ауыр аудандарға жүк жеткізу үшін қолдануға болады. Ұшу құралын АҚШ әскерінің тапсырысы бойынша жергілікті британдық компания жасап шығарған. Басында ол барлау жұмысына пайдалану үшін қолға алынған еді. Бірақ, кейін әскерилер жобаны қаржыландыруды тоқтатып, ақша, гранттар мен жеке инвестициялар есебінен түсе бастады. «Эйрлендер – 10» 6 шақырым биіктікке дейін көтеріліп, жылдамдығын сағатына 150 шақырымға дейін жеткізе алады. Оған 80 тонна жүк тиеуге мүмкіндік бар. Сонымен бірге, дирижабль жазық, шөл дала, су мен мұздың үстіне қонуға қабілетті. Егер барлық сынақтар сәтті өткізілсе, осындай 12 техниканы 2018 жылы жасауды жоспарлап отыр.

Қытайлық велосипедті ұрлау үшін ағашты құлатты (ВИДЕО)

ҚХР Хунань провинциясының Чанша қаласында полиция ағашқа байланған қымбат велосипедті ұрлау үшін оны ерінбей кесіп құлатқан ұрыны іздеуде. Қаскүнемнің әрекеті бейне бақылау камерасына түсіп қалған. Жарияланған видеода ер адамның жанталасып ағашты  кесіп жатқаны анық түсіп қалған, алайда, жолшыбай өтіп келе жатқан мотоциклшіден қорқып қалып, оның назарын өзіне аудармас үшін ағаш жанынан кетіп, өз мотоцикліне отырып кетпекші болған кейіп танытады. Күтпеген куәгер өтіп кеткен соң, ер адам ағашты құлатып, велосипедті мотоцикліне салып алып, тайып тұрған.

 

0 пікір
Мұрағат