Шариғат талаптарын аттаған жолаушылар ұшаққа міне алмайды
Шариғат талаптарын аттаған жолаушылар ұшаққа міне алмайды
7 жыл бұрын 2875 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

SAUDIA әуе компаниясы өз жолаушыларына шариғат талаптарын орындауды міндеттемек. Яғни, Саудияның аталмыш компаниясының қызметін шорты киген ер-азаматтар мен тәні көрінетіндей жұқа киім киген немесе тәнін мүсіндеп тұратын тар киім киген әйелдер пайдалан алмайды, дәлірегі, ұшаққа міне алмайды. Жаңа ереже аталмыш әуе компаниясының сайтында жарияланды. Аталған ережеде әйел адамның қолы мен аяғы да жалаңаштанбауы керектігі ескертілген. Сондай-ақ, жолаушыларға ұшақ салонына жалаңаяқ кіруіне де тыйым салады. Саудияның туризм департаментінің жетекшісі Әлі Ғамдидің Makkah мерзімді басылымының тілшісіне берген сұхбатында мұндай ережеден үркудің қажеті жоқ, өйткені, мұндай талап әлемнің көптеген әуе компанияларында кездесетінін алға тартты.

0 пікір
Мұрағат