Саудия көгілдір отын өндірісін екі есеге арттырмақ
Саудия көгілдір отын өндірісін екі есеге арттырмақ
6 жыл бұрын 2011 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі алдағы он жыл ішінде көгілдер отын, яғни, газ өндірісін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр. Бұл жайында аталмыш елдің энергетика министрі Халид әл-Фалиһ мәлім етті. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Саудия бүгінгі таңда ел аумағында өндірілетін барлық газды өзі тұтынады десе де болады: жылына 110 млрд текше метрге дейін. Сондай-ақ, министр экологиялық жағынан зиянсыз таза технологияға құйылатын инвестиция мөлшерін арттырудың маңыздылығына тоқталды. Десе де ол мұнайға сұраныстың жоғары болып қалатынын да жоққа шығармады. Сөзінің соңында ол Саудияның мұнай өндірісін барынша арттыру үшін инвестиция құюды жоспарлап отырғанын да жеткізді. Ең бастысы, көп ұзамай ел аумағында екі атом стансасы салынатынын жария етті. Атом стансаларын салуға қай елдер немесе кімдер көмектесетінін ашып айтпады.

0 пікір
Мұрағат