Саудия болашақтың іргетасын қалауға кірісті (видео)
Саудия болашақтың іргетасын қалауға кірісті (видео)
3 жыл бұрын 1410 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан аттай он ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Арабияда машина жүрмейтін сызық қала салынады» (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/alem/arabiyada-mashina-jurmeitin-syzyq-qala-salynady-video-14677/#gsc.tab=0) материалымызда Саудия болашағына бағдар сызатын мегажоба турасында айтып өткенбіз. Ұзындығы жоба бойынша 170 шақырымға созылатын болашақ қаланың құрылысына саудиялықтар кірісіп кетті. Аталған қалаға туристер мен тұрғындар келетін мерзімі де белгілі болды - 2024 жылы. Бұл жайында islam.kz порталы Arabian Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудияның солтүстік-батыс жағалауын шайып жатқан Қызыл теңіз маңында орын тебетін қала Мысыр мен Иордения теңіз шекарвсының акваториясын да қамтитын болады. 500 млрд долларға бағаланған қала аумағы жоба бойынша 26,5 мың шаршы шақырымнан кем болмауы тиіс. Тақыр жерден тұрғызылатын қала Саудияның индустриялық, мәдени, технологиялық орталығына айналуы тиіс. Дербес автономды мәртебеге ие болатын болашақ қаланың өз заңы қабылданады. Цифрлы технологияға, жасыл энергетикаға, биотехнологияға және медиаға баса мән беріледі. Әзіргі қала құрлысының жоспар бойынша тек 1%-ы ғана орындалған. Бұл қалада туристер мен тұрғындар тек жерасты жолымен ғана қатынайды. Жаңғыртпалы энергия көздерінің энергиясы пайдаланылады әрі теңіз суы тұшшыландырылады.

0 пікір
Мұрағат