Сауда соғысына байланысты шетелдік компаниялар Қытайдан кетіп жатыр
Сауда соғысына байланысты шетелдік компаниялар Қытайдан кетіп жатыр
6 жыл бұрын 2968 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-пен арадағы сауда соғысына, дәлірегі, баж салығының артуына байланысты Қытайдағы шетелдік компаниялар кетіп жатыр. Тарқатып айтқанда, микросхема жасаушылардан машина құрастыратындарға дейінгі өндіріс ошақтары аталған елден көшіріліп жатыр. Мәселен, оңтүстік кореялық SK Hynix, жапондық Mitsubishi Electric, Toshiba Machine Co. және Komatsu алғашқы баж соққысы берілгенде-ақ шілде айында кетуге бел буған. Бұдан бөлек, компьютер құрастыратын тайвандық Compal Electronics, оңтүстік кореялық LG Electronics сауда соғысы күшейетін болса, аталған елден кетуді жоспарлап отыр. Әлбетте, аса ірі өндіріс ошақтарының көшуі қып-қызыл шығынды қажет етеді. Осыған байланысты көшіп жатқан компаниялардың дені өзге елдерде де бөлімшелері бары – дайын зауыт-фабрикасына өндіріс ресурстарын аударып жатыр. Жад чипін жасайтын оңтүстік кореялық SK Hynix компаниясы да өндірісті Кореяға ауыстыруда. Аталған компанияның америкалық бәсекелесі Micron Technology компаниясы да өзге Азия елдеріне өндіріс ресурсын көшіру жұмыстарын жүргізуде. Автокөлік бамперлерге қажетті пластикалық компоненттерді жасайтын Toshiba Machine Co компаниясы да қазан айында өндірістің бір бөлігін Жапонияға немесе Таиландқа көшіруді оспарлап отыр. Сондай-ақ, Mitsubishi Electric Қытайдың солтүстік-шығысында орналасқан Даляндағы металл өңдеуде пайдаланылатын құрал-сайман өндірісін Жапонияның Нагое қаласына көшірмек.

0 пікір
Мұрағат