Сауд Арабиясында қажыларды тіркеу уақыты алты есе қысқарды
Сауд Арабиясында қажыларды тіркеу уақыты алты есе қысқарды
7 жыл бұрын 2566 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мұның бәрі қолданысқа енгізілген жаңа технологияның арқасында мүмкін болып отыр. Нақтырақ айтқанда, бұрын қажылық парызын өтеуге келгендер әуежайда тіркеуден өтуі үшін сағаттап кезекке тұратын еді. Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігінің жанындағы ұлттық ақпарат орталығы жаңа технологияның көмегімен қабылдайды қажыларды. Мәселен, жаңа технология іске қосылған сәтте малайзиялық қажылардың келген сәтімен тұспа-тұс келген еді. Малайзиялық қажылар жаңа технологияның арқасында 20 минуттың ішінде тіркеуден өтті. Бұрынғыға қарағанда тіркеу уақытының 85%-ға азайған. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Қажыларды тіркейтін 12 мобилді бекет бар. Олар күні-түні, яғни, тәулік бойы жұмыс істейді. Арнайы жабдықталған құрылғы қажылардың саусақ іздерін тексеріп, бет-жүзін көшіріп алады, сондай-ақ, автоматы түрде виза мерзімі есептеледі. 

0 пікір
Мұрағат