Сауд Арабиясы қажылық квотасын ұлғайтады
Сауд Арабиясы қажылық квотасын ұлғайтады
7 жыл бұрын 3626 ummet.kz

Сауд Арабиясы үкіметі биылғы қажылық квотасын ұлғайту туралы шешім қабылдады. Айта кетсек, 2016 жылғы қажылық көрсеткіші соңғы 10 жыл ішіндегі ең төменгі рекордтық дәрежеде тіркелген болатын. Сауд патшасы Салман бин Әбдел Әзиз әл-Сауд Мекке қаласына келетін қажылар санын көбейтуге келісім берді. Қазіргі уақытта корольдікте құлшылық территорияларындағы қайта жасақтау жұмыстарына байланысты шетел қажылары квотасының 20%-ы, жергілікті қажыларға арналған квотаның 50%-ы қысқартылған. Өткен жылы Меккеге 1 325 372 шетел азаматы және 537 жергілікті тұрғын, жалпы саны 1 862 909 мұсылман қажылық өтеген. Бұл соңғы он жылдағы ең төмен көрсеткішке ие. Енді қажылар саны уақыт өте ұлғайтылатын болады: осылайша қажылық көрсеткіші соңғы бес жылдағы ең жоғары максимумды көздейді және жыл сайын 3 миллионнан аса адамды қабылдауды жоспарлайды.

0 пікір
Мұрағат