Сауд Арабиясы қажылық квотасын 20 пайыз қысқартуы мүмкін
Сауд Арабиясы қажылық квотасын 20 пайыз қысқартуы мүмкін
4 жыл бұрын 2976

Сауд Арабиясы қажылыққа бөлінетін квотаны пандемияға байланысты қысқартуды көздеп отыр. Елде 100 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырғаны анықталған. Бұл жайында abai.kz ақпарат көзі Рейтер" агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Сауд Арабиясы биыл наурыз айында қажылықты тоқтатуға мәжбүр болды.

"Рейтер" агенттігіне екі дереккөздің хабарлауынша, билік қажылық квотасын қысқарту мәселесін қарап жатыр. Қажылыққа келгендерді дәрігер тексеріп, қарт кісілер қажылыққа жіберілмеуі мүмкін.

Дегенмен Сауд Арабиясы үкіметінің бірнеше мүшесі биыл қажылықты өткізбеуді құптап отыр. Биыл қажылық тамыздың басында басталады.

Сауд Арабиясының билігі қажылыққа қатысты әзірге ешқандай ресми мәлімет жариялаған жоқ.

Қажылықтан бас тарту немесе қажылық квотасын азайту - Сауд Арабиясының экономикасы үшін үлкен соққы болып отыр.

Ресми мәлімет бойынша 2019 жылы 2,6 миллион адам үлкен қажылыққа, 19 миллион мұсылман кіші қажылыққа барған.

0 пікір
Мұрағат