Сауд Арабиясы әлемнің қауіпсіз ел үштігіне енді
Сауд Арабиясы әлемнің қауіпсіз ел үштігіне енді
8 жыл бұрын 3956 ummet.kz, Arab News

Сауд Арабиясы жер бетіндегі ең қауіпсіз ел рейтингінде көш бастады. Қауіпсіздік деңгейі бойынша елдер рейтингін Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қоршаған орта мен адамзат қауіпсіздігі институты жасады. Рейтингтің алғашқы орнын Мальта иеленді, екінші орын тағы бір мұсылман елі – Қатар мемлекетіне тиесілі. Ал ең қауіпті елдер қатарында Вануату, Тонга, Филиппин, Гватемала мен Бангладеш мемлекеттері бар. Айта кету керек, зерттеуші мамандар рейтингті бірнеше сипаттар, оның ішінде елде табиғи құбылыстар, елдің өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі, т.б. мән бере отырып құрған. Талдау жұмысына 171 ел енгізілген. 

0 пікір
Мұрағат