Санкция шыңдаған елде АҚШ пен өзге батыс елдерін қоса алғанда көп бауыр қондыру отасы жасалады
Санкция шыңдаған елде АҚШ пен өзге батыс елдерін қоса алғанда көп бауыр қондыру отасы жасалады
5 жыл бұрын 2541 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранның оңтүстігінде орын тепкен Шираз қаласындағы "Buali Sina" деп аталатын трансплантация орталығында жыл сайын 500-ден аса бауыр ағзасын қондыру отасы жасалады екен. Бұл АҚШ және өзге батыс елдерінде жылына жасалатын бауыр орнату отасынан көп. "Buali Sina" трансплантация орталығының жетекшісі Сейед Әлі Хұсейн бір ғана аталмыш орталықта АҚШ пен батыс елдері ауруханаларында жасалатын күллі  бауыр қондыру отасынан да көп жасалатынын мақтан тұтады. Бұл жайында Fars News ақпарат көзі хабар таратты. Ол мұндай жетістікке білім беру әрі зерттеу орталықтарын құру арқылы қол жеткізгенін де жасырмады. Сондай-ақ, ол аталмыш орталықта бауыр қондыру оталарының 99%-нан көбісі бауыр ағзасын қайтыс болған адамнан тірі адамға қондыру есебінен орын алатынын жария етті. 

0 пікір
Мұрағат