Сахадағы мұздықтың үштен екісі еріп кеткен
Сахадағы мұздықтың үштен екісі еріп кеткен
9 жыл бұрын 3777

Сахадағы мұздықтың биіктігі соңғы жарты ғасырдың ішінде 70 пайызға аласарып кеткен. Яғни, мұндағы мұздықтың үштен екісі еріп кеткен. Бұл жайында "Российская Газета" мерзімді басылымы Мельников атындағы тоң қабатын тану институтының ғылыми қызметкері, география ғылымының докторы Алексей Галанинге сілтеме жасай отырып хабар таратты. «1957 жылдан бастап, жалпы алғанда, шамамен Саханың таулы аймақтарындағы мұздықтың биіктігі 70 пайызға аласарған, ал олардың ауданы 40 пайызға кеміген. Соңғы 10 жылдың ішінде мұздықтар шапшаң еріп жатыр, былайша айтқанда, жылына екі метрге дейін еріп кетуде»,- деді ғалым. Оның айтуынша, мұздықтардың беткі жағына екі мың жыл бұрын қатқан ең ежелгі қабаты шығуда. Керісінше процесс, яғни, мұздықтың биіктеуі байқалмайды. Бұл өз кезегінде Саханың солтүстігіндегі өзен арналарындағы судың көбеюіне апарып соқтырады. Саха Республикасының Ғылым Академиясының мүшесі, геологиялық-минерологиялық ғылымдардың докторы Виктор Шепелевтің сөзіне қарағанда, климаттың өзгеруі циклдік сипатқа ие болған. «Бақылау нәтижелеріне қарап отырып, бүгінгі таңда әлемнің барлық түкпірінде болып жатқан ғаламдық жылыну 2017-2020 жылдарға дейін созылады, содан кейін 2050-2070 жылдарға дейін суыту кезеңі оралады»,- деп тұжырды сөзін ол.

0 пікір
Мұрағат