Ресейлік қаһарлы қарудан асып түспесе, кем түспейтін бәсекелес баламасы жасалды (видео)
Ресейлік қаһарлы қарудан асып түспесе, кем түспейтін бәсекелес баламасы жасалды (видео)
6 жыл бұрын 4961 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайлық әскери мамандардың пайымдауынша, Ресейдің С-400 зениттік зымыран жүйесі соншалықты артықшылыққа ие емес ресейлік мамандар айтып жүргендей. Өйткені, мұндай қару батыс елдерінде жасалған. Нақтырақ айтқанда, қытайдың «Sina» ақпарат көзі таратқан хабар мен келтірген дерегіне қарағанда, ресейліктердің «Триумф» С-400 кешенін нарықтан ығыстырып шыға алатын бәсекелес баламасы жасалып қойған. Бұл арада АҚШ пен Израил инженерлері бірігіп жасаған «Шарвит Ксамим» немесе «Станнер» деп аталатын зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі ресейліктердің мақтанышына айналған қарудан бір кем емес. Барлық жағынан. Аталған жүйе әуе нысанын 300 шақырым қашықтықтан жоя алады. Десе де, жақын болашақта пайда болуы мүмкін, қазіргі уақытта жобасы қолға алынып жатқан С-400-дің жетілдірілген түріне жататын С-500 кешені әлем назарын тағы өзіне аударып, батыстық бәскелестерді артқа қалдыруы да ықтимал. АҚШ пен Израил мамандары бірігіп құрастырған аталмыш зымыран жүйесі шағын қашықтықтағы баллистикалық зымырандарды, ұшақтарды, т.б. жоюға арналған. Оны израилдік «Rafael» компаниясы америкалық «Raytheon» компаниясымен бірігіп құрастырған. 

 

0 пікір
Мұрағат