Ресейді тежеуге арналған қару зертханадан шығып, полиганда сынақтан өтіп жатыр (видео)
Ресейді тежеуге арналған қару зертханадан шығып, полиганда сынақтан өтіп жатыр (видео)
6 жыл бұрын 6219 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың қарулы күштерінің "рельсотрон» деген атпен танымал болған, болашақ қаруы атанған электромагниттік рельстік зеңбіректі «Дальгрен» полигонында сынақтан өткізіп жатқанына біраз уақыт өтіп кетіпті. Аталған қарудың негізі снарядты электромагнитті энергиямен атуда жатыр. Тарқатып айтқанда, британдық BAE Systems компаниясы және америкалықтардың General Atomics фирмасының әріптестігі мен ынтымақтастығы негізінде жасалған аталған қару көп ұзамай АҚШ-тың әскери теңіз күштерінің қолданысына беріледі. Бұл жайында Next Big Future ақпарат көзі хабар таратты. Америкалық әскерилер бұл қару Ресей мен Қытайдың арынын басу үшін, дәлірегі, аталған екі алып державаның теңіздегі тегеурінін тежеу үшін жасалғанын мәлімдеп отыр. Нақтырақ айтқанда, Балтық елдерін Ресейден, Оңтүстік Қытай теңізі жағалауындағы одақтастарын Қытайдан қорғау үшін бұл жобаның маңызы зор. Рельсотронның көмегімен стационарлық насыннан бастап, кеме, ұшақ, тіпті,қанатты зымыранды да жоюға болатын көрінеді. Өткен айдың орта шенінде АҚШ-тың әскери теңіз күштерінің ғылыми-зерттеу басқармасы BAE Systems мамандарымен бірігіп, Вирджиниядағы «Дальгрен» полигонында рельсотронға жаңа сынақ жүргізіп көрді. Бұл жайында  N+1 ақпарат көзі хабар таратты. Бұл сынақтың барысы аталған басқарманың YouTube желісіндегі арнада, сондай-ақ, Defense News сайтында жарияланды. Байқағанымыздай, қайта оқтап, екі ре атуға бар-жоғы шамамен 24 секунд уақыт кеткен. Бұл дегеніміз 60 секундтың ішінде аталған қаруды 5 рет атуға болады. BAE Systems компаниясының рельсотроны салмағы 16 келіге дейін металдан құйылған кинетикалық снарядқа арналған. Қазіргі уақытта одан атылған снаряд секундына 2000 метрді бағындырады, ал сағатқа шаққанда 7000 шақырымнан асады. Сондай-ақғ америкалық General Atomics рельстік зеңбіректің 2007 жылдан бері жасалып жатқан жетілдірілген түрін, яғни,  аталған полигонда өткізеді. Бұл рельстік зеңбірек көптеген әскери мақсатқа жарамды: мәселен, оны зымыраннан қорғану жүйесінде пайдалануға болады. Одан атылған оқ 100 шақырымға дейін ұшады. Scout Warrior-дың нұсқасы бойынша – 180 шақырым. Бастапқы жылдамдығы сағатына алты шақырымды бағындырады. Біз сөз етіп отырған жаңа қарудың айтылып өткендерден бөлек, жүздеген артықшылығ бар. Оның бәрін жіпке тізіп жатудың қажеті шамалы. 

 

0 пікір
Мұрағат