Ресейде индонезиялық халал стандарты қолданылады
Ресейде индонезиялық халал стандарты қолданылады
7 ай бұрын 952 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: Rawpixel

Техникалық реттеу және метрология жөніндегі федералды агенттік (Росстандарт) «Ресей сапасы» (Роскачество) мемлекеттік мекемесіне қарасты Халал құзыреті орталығының сұранысы бойынша Индонезияның Діни қатынастар министрлігінің «Халал өнімдерінің сапасын қамтамасыз ету жүйесінің өлшемдері туралы» стандартын қабылдауға бастамашы болды. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Индонезияның халал стандарты мемлекеттік, федералдық, ақпараттық стандарттар қорында тіркелді. Бүкіл бағалау және тіркеу процедурасын аяқтағаннан кейін аталған стандартты және оның аудармасы РФ аумағында қолданылады, бұл жайт өз кезегінде ресейлік халал өнімдерінің экспорттық әлеуетін үйлестіруге және арттыруға ықпал етеді. «Халал өнімдерінің сапасын қамтамасыз ету жүйесінің өлшемдері туралы» стандарт халал өнімдерді өндіру процесіне қатысты жалпы талаптарды айқындайды.

0 пікір
Мұрағат