Ресей де, Түркия да қалыптасқан қаржы жүйесінен ноқта үзіп кете алмайды
Ресей де, Түркия да қалыптасқан қаржы жүйесінен ноқта үзіп кете алмайды
6 жыл бұрын 4453 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-пен араз Ресей де, Түркия да, Иран да өзара сауда-саттықта ұлттық валютамен есеп айырысу арқылы доллардан бас тартып отыр. Осылайша, аталған мемлекеттер доллар монополиясына соққы бермекші. Бұл жайында Bloomberg ақпарат көзі хабар таратты. Естеріңізде болса, таяуда ғана АҚШ-пен арасы суып кеткен Түркияның Қытай, Ресей, Иран секілді елдермен сауда-саттықты ұлттық валюталармен жүргізетіні турасында хабар тараттық. Десе де аталған мемлекеттердің бұл қадамы қаншалықты жүзеге асады? Калифорния университетінің профессоры Барри Эйхенгриннің айтуынша,  халықаралық сауда-саттықта ұлттық валютамен есеп айырысу (әсіресе, Түркия мен Ресей) мүмкін емес. Өйткені, аталған екі елдің де ұлттық валюталары тұрақсыз. Ал тұрақтылық өзара сауда-саттықтағы ең басты артықшылық. Мұндай артықшылық долларда ғана бар. Бағамы тұрақсыз ұлттық валюамен есеп айырысу ең алдымен аталған елдердің экономикасына қатер төндіреді. Оның үстіне, әлемдік сауда-саттықтағы Ресейдің, Түркияның және Иранның, яғни, аталған үш мемлекеттің үлесі бар-жоғы шамамен 4 пайыздан аспайды. 

0 пікір
Мұрағат