Рамазан айында мұқтаж жандарға мешіттерде тоңазытқыш қойылды
Рамазан айында мұқтаж жандарға мешіттерде тоңазытқыш қойылды
7 жыл бұрын 2814 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі қасиетті Рамазан айында күнін әрең көріп отырған мұқтаж жандар үшін сыннан өткен қарапайым жобаны қайта қолға алды. Нақтырақ айтқанда, аталған елдің азық-түлік мекемесі 80 мешітке тағам салынған тоңазытқыш қоюға пәрмен берді. Мұқтаждарға арналған азық-түлік аталмыш компания есебінен төленеді. Азық пен тағамның бүлінбегенін, яғни, мерзімі өтпегенін арнайы бақылаушылар қадағалайды. Бір шарты: шикілей азық қоюға болмайды, ал тағамның әзірленуіне қатаң талап қойылады. 

0 пікір
Мұрағат