Қытайдағы соңғы мергендер тайпасы (ФОТО)
Қытайдағы соңғы мергендер тайпасы (ФОТО)
8 жыл бұрын 3442 Baq.kz

Баша тайпасы Гуйжоу өлкесі Сұңжяң ауданының маңайындағы теңіз деңгейінен 550 метр биіктіктегі аңғарға орналасқан. Тайпада 300-дей отбасы бар. Олар мылтық асыну (Баша тайпасының мылтық асынуы қоғам қауіпсіздік тарауларының бекітуінен өткізілген) орақпен шаш алу, ағашқа табыну қатарлы көне тұрмыс әдеттерін қазірге дейін сақтап келеді.

Баша тайпасының ерлері төбесіне түйме шаш қойып, үнемі белбеуіне пышағы тағулы, иығына мылтығы асулы жүреді. Құрметті қонақтар келгенде, ержүрек Баша тайпасының жігіттері қамал қақпасының алдында сыбызғы тартып, маңтұң шалса, бөйжеткендері есіктен күтіп алып, сиыр мүйізінен жасалған ыдыспен күріш шарабын ұсынады. Қарсы алу муыкасы аяқталысымен аспанға мылтық атылып, қамал қақпасының есігі ашылып қонақ кіреді. Баша тайпасына «Қытайдағы ең соңғы мерген тайпа» деген атақ берілген.

 

0 пікір
Мұрағат