Қытайда да исламофобтардың қарасы көбейіп келеді
Қытайда да исламофобтардың қарасы көбейіп келеді
7 жыл бұрын 2522 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың байырғы тұрғындары - этникалық хандықтар елде исламофобтардың қарасы көбейіп келе жатқанына алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл қоғамдық сипат алып келе жатқан жат құбылыс, әсіресе, әлеуметтік желіде күшейіп, белең алып бара жатыр. Бұл жайында The Independent ақпарат көзі хабар таратты. Сондай-ақ, 4,5 мың хан мұсылман тұратын Аньхой провинциясының орталығы - Хэфэй қаласындағы Наньган мешітінің исламофобтар тарапынан жиі шабуылға ұшырайтыны, яғни, оның құрылысына жергілікті тұрғындардың қатты қарсылық көрсетуі алаңдатпай қоймайды. "Кейбіреулер үйінің жанында мұсылмандардың құлшылық үйінің болғанын қаламайды, енді біреулері мешіттің саябақтың орнына салынатынына наразы",- деді жергілікті имам Тао Иншэн. Исламофобтар әлеуметтік желіде мешіттің тұрғызылуына айрықша наразылық білдіріп, науқан ұйымдастырған. Әлеуметтік желідегі науқанға үн қосып, наразылық білдіргендердің арасында қолында билігі бар шенеуніктердің де бары мұсылмандардың мазасын алып отыр. Айта кетейік, хандықтар Қытайдағы азшылықты құрайтын ұлтттардың бірі. 

0 пікір
Мұрағат