Қытай мұсылман елін қалай пайдаланып отыр
Қытай мұсылман елін қалай пайдаланып отыр
5 жыл бұрын 3109 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өздеріңіз білесіздер, бұрын да талай рет жазғанымыздай, Кашмир дауына байланысты Үндістан мен Пәкістан арасындағы талас-тартыстың соңғы уақытта үнді билігінің Кашмирдің конституцияда көзделген ерекше мәртебесін алып тастауына орай жаңа қарқынмен өрши түскенін түнеукүні айтып өткенбіз. «Үндістан Пәкістанмен Кашмир дауына байланысты ядролық доктринасын қайта қарастырады» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/undistan-pakistanmen-kashmir-dauyna-bailanysty-yadrolyq-doktrinasyn-qaita-qarastyrady-12260/#gsc.tab=0).

Үндістанмен өзара жер дауы бар (мұны да кезінде айтып кеткенбіз – ред.) Қытай Үндістанмен текетіресте өз мүддесі мен мақсатына қол жеткізу үшін Пәкістанды «көзір картасына» айналдырып отыр. Қалай дейсіз ғой? Аталған мұсылман елінің сын көтермейтін ауыр экономикалық ахуалын пайдаланып, стратегиялық қатынас орнату арқылы Үндістанды геосаяттағы салмағын кемітуге ұмтылып отыр. Әйтпесе Қытай экономикасы үшін Пәкістанның берері шамалы. Тек бір мақсатта болмаса. Ол қандай мақсат дейсіз ғой? Қытай үшін кез келген елдің маңызы зор. Ресрус ретінде. Ресрус – бұл ең алдымен даму даңғылына түсу үшін қажет қуат көзі. «Бір белдеу – бір жол», яғни, осы заманғы тарихи Жібек жолының жаңғыртылған нұсқасы арқылы ғаламдық жобасымен амбициясын алға тартқан елдің жалпы ішкі өнімі жылына 25 трлн долларға жетіп қалғанын айта кету керек. Яғни, Үндістаннан екі есе артық ЖЖӨ көрсеткіші. Жылдан жылға өсіп келе жатқан экономикасын қолдау үшін орасан көп ресурс қажет. Сол себепті де Қытай Парсы шығанағы елдері мен Африка құрлығын шикізат базасы ретінде пайдаланып отыр. Қытайдан Үнді мұхитына, Малак бұғазына және Оңтүстік-Қытай теңізіне дейінгі қашықтық 1600 шақырымға жете-қабыл. Яғни, таяқ тастам жер емес, АҚШ және Үндістанмен соғыса қалған жағдайда Қытайға ресурс жеткізілетін стартегиялық аймақтарына жолды жауып тастайды. Бұл Қытай үшін жеңіліске апартын жол болмақ. Осы себепті, Пәкістанмен стратегиялық ынтымақтастық орнатып отырғанын батыл айта аламыз. Сол себепті, Қытай Пәкістанның инфрақұрылымына ақшаны аямай құйып жатыр. Мәселен, Пәкістан аумағындағы Гуадар айлақ қаласына инвестициясын төгуде . Осылайша Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізіне айрықша мән беріп отыр. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, орасан зор инвестицияны қажет ететін осынау ауқымды инфрақұрылымдық жобада тек авто және теміржол магистралі қамтылған жоқ, сонымен қатар, Гуадардан Қашғарға дейін мұнай-газ құбыры тартылып жатыр. Аталған екі мекеннің арасының қашықтығы 2700 шақырымды құрайтынын ескерсек, бұл өз кезегінде Үнді мұхиты арқылы ресурс жеткізілетін 13 мың шақырымдық қашықтықты екі есеге қысқартуға мүмкіндік бермек. Қытайдың Пәкістан аумағындағы осы бағытта 2016 жылдың тамыз айынан бастап қолға алған инфрақұрылымдық жоба құны 62 млрд доллардан асып түседі. Сарапшылардың есебінше.

0 пікір
Мұрағат