Қытай мен Үндістан соғысудың алдында тұр (видео)
Қытай мен Үндістан соғысудың алдында тұр (видео)
7 жыл бұрын 6112 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі Үндістанға тағы бір мәрте ескерту жасады, дәлірегі, осыдан бір жарым ай бұрын мемлекеттік шекараны бұзған үніделрден Тибет дербес ауданындағы Доклам жотасынан кетуді талап етіп жатыр. Қытай халық республикасының сыртқы істер министрлігі мемлекеттік шекараны бұзудың халықаралық нормаға қайша келетінін, өзге елдің жеріне көз алартумен, яғни, өзге мемлекеттің территориялық тұтастығына қол сұғумен бірдей әрекет екенін мәлімдеп, осы уақытқа дейін мәселені ушықтырмай дипломатиялық жолмен шешуге күш салса да үнділердің қытайдың бұл әрекетін бекерге шығарып отырғанын қадап айтты. Тарқатып айтқанда, ҚХР СІМ-нің ресми өкілі Гэн Шуан: "үнділер жағы "бейбітшілік" сөзін ұдайы айтады, алайда, біз оның тыңдап қана қоймай, олардың ісіне де қараймыз",- деп мәлімдеді. Алайда, үнділер қытай билігінің бұл мәлімдемесіне жауап қайтарған жоқ, есесіне, аталған жотаға өз әскерін жіберіп жатыр. Ол ол ма, әскерін шекараға үйіп-төккенімен қоймай, аталған жотадағы жолдың жыртығын бүтіндеп, тесігін бітеп жатыр. Үнділердің бұл әрекеті қытайдың шамына тиюде. Айта кетейік, Доклам жотасы - үш елдің, атап айтқанда, Қытай, Үндістан және Бутан мемлекеттерінің шекарасы өтетін стратегиялық таулы өңір. Бутан Қытаймен ешқандай дипломатиялық қатынас орнатпаған Қытайдың жалғыз көршісі. Есесіне, Үндістанмен тығыз қарым-қатынас орнатқан.  

 

0 пікір
Мұрағат