Қытай: "Халықаралық қатынастың жаңа үлгісін біз қалыптастырамыз"
Қытай: "Халықаралық қатынастың жаңа үлгісін біз қалыптастырамыз"
6 жыл бұрын 3928 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде шығар, соңғы уақытта әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы туралы хабар таратқанымыз. Екі ел бұл мәселеде бір мәмілеге келгендей болған еді, жоқ, бұл төңіректегі дау-дамай әлі басылар емес. АҚШ президенті Дональд Трамп билік басына келгелі бері аты-шулы жарлықтарымен мәлім. Естеріңізде болса, бірқатар артта қалған мұсылман елінің азаматтарына АҚШ-қа кіргізуге тыйым салатын жарлығы, Мексикамен арадағы шекарада дуал тұрғызу туралы шешімі, Израилдегі АҚШ елшілігін Иерусалимге көшіру туралы жарлығы, т.б. Ақ үй қожайының әр басқан қадамы осындай жанжал шақыратын болып жүр. Арада көп уақыт өтпей Қытаймен сауда соғысына жол беретін жарлыққа қол қоюы қытай билігінің шамына тиді. Дәлірегі, Қытай халық республикасының коммерция министрлігінің ресми өкілі Гао Фэн Қытайға сауда соғысын ашу арқылы АҚШ өзіне ор қазып жатқанын мәлімдеді. "Біз АҚШ-қа екі елдің сауда-экономикалық қатынасына залал келтіруі мүмкін қандай да бір әрекеттен өз-өзін тежеп ұстауына кеңес береміз. Әйтпесе АҚШ өзгеге қазған орға өзі құлайды",- деп, Ақ үйге қарата қатаң ескерту жасағандай болды. Егер АҚШ болат пен қалайыға жаңа тариф енгізген жағдайла Қытай тарапы қандай қарымта жауап қайтаратыны жөнінде қойылған сауалға қытай өкілі мұндай жағдайда қарсы қолданылатын шараларға қатысты түрлі минисрлік пен бизнес орта ақылдасып жатқанын айтып, жауап қатты. АҚШ-қа қарсы шаралар туралы ұсыныстар, пікірлер наурыз айының 31-не дейін қабылданатынын айта келіп, нақты шешім қабылданатынын да жеткізді. Сондай-ақ, ол қытай билігінің бұл мәселеде нақты ұстанымы барын айтып, дәлірегі, сауда соғысын қаламайтынын мәлімдеп: "Қытай қазіргі уақытта әлемнің барлық елімен әріптестік қатынасты белсенді дамытып келеді. Халықаралық хаңа қатынас үлгісін жасау үшін барлық күш-жігерін жұмсап отырмыз. Онда барлық тараптардың мүддесі ескеріледі және өзара пайдалы болмақ",- деп мәлімдеді. "Біз сауда соғысынан түк те қорықпаймыз. Біз өз қалауын өзгелерге күштеп таңуға, күштінің әлсізді басынуына қарсымыз. Біз өзіміздің заңды құқығымыз бен мүддемізден ешуақытта бас тарпаймыз. Біз барлық қолдағы мүмкіндіктермен қорғанатын боламыз",- деген ол АҚШ-тың Қытайға қатысты сауда-экономикалық саладағы қабылданған шаралардың қырғи-қабақ соғыс менталитетін бейнелейтін сауда протекционизмінің үлгісін еске түсіретінін тілге тиек етті. 

0 пікір
Мұрағат