Қытай азаматтарын сенімділігіне қарай жіктейтін болады
Қытай азаматтарын сенімділігіне қарай жіктейтін болады
6 жыл бұрын 3469 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы жылдың мамыр айында Қытай билігі өздері жүргізіп отырған саясатқа байланысты адам құқығын шектеуге бағытталған жобаны қолға алмақ. Тарқатып айтқанда, ел азаматтарын сенімділігіне қарай жіктеуге көшеді. Аталмыш жүйе бойынша, мәселен, пойызда шылым шегетіндерге немесе терроризм туралы жалған ақпарат таратқандарға дер кезінде шара қолданады. Салықты немесе айыппұлды уақытылы төлемегендер де қара тізімге енгізіледі. Әлеуметтік желі белсенділерін бақылауға алады. 2020 жылы әлеуметтік рейтинг жүйесі ел тұрғындары өмірінің барлық саласында жаппай қолданысқа енгізіледі. Бұл рейтинг барлық дерек көзі пайдаланылып, арнайы жасалған алгоритм арқылы азаматтардың «сенімділігі» бағаланып отырады. Қытай билігі өздері сенімді деп тапқан азаматтарды көтерлемелеп отыратын шараларды қоса қолданады. Мысалы, несие алғысы келсе, жеңілдіктер ұсынады немесе автоөклікті жалға алғысы келсе, кепілсіз береді, т.б.

0 пікір
Мұрағат