Қырғызстанда тұңғыш рет халал туристік агенттік пайда болды
Қырғызстанда тұңғыш рет халал туристік агенттік пайда болды
8 жыл бұрын 2716

Қырғызстанда тұңғыш рет шариғат талаптарына сай қызмет көрсететін туристік агенттік пайда болды. «all inclusive» сервисімен қызмет көрсететін аталған турагенттік жыл бойы жұмыс істейтін болады. Бұл агенттіктің қызметін пайдаланған туристер ерлер мен әйелдерге бөлек коттедж қарастырылған арнайы пансионаттарға жайғастырылады. Ал отбасымен келгендерге бөлек жағдай жасалады. Бұл пансионаттарда туристерге сертификаты бар халал тағадар ұсынылады. Бұл жайында аталмыш агенттік директоры Жакшылык Матанов хабардар етті.

0 пікір
Мұрағат