Қырғызстан казиноға барғандарды 5 жылға дейін соттайтын заң жобасын әзірлеп жатыр
Қырғызстан казиноға барғандарды 5 жылға дейін соттайтын заң жобасын әзірлеп жатыр
7 ай бұрын 648 inform.kz Жанат Қапалбаева

Казиноға барған Қырғызстан азаматтарын бес жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр. Бұл туралы парламенттің бюджет, экономикалық және фискалдық саясат комитетінің отырысында депутат Марлен Маматалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі 24.kg басылымына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, жақын арада тиісті заң жобасы Жогорку Кенешке жіберіледі.

«Казино, букмекерлік кеңселер енді бір жерде жұмыс істейтін болады. Бұл мекемеге Қырғызстан азаматы барса, лицензиясынан айырылады. Екіншіден, сарапшылар тобында азаматтарға айыппұл салып қана қоймай, екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру керек деген ұсыныс айтылды. Бұл жағдайда Қырғыз Республикасының бір де бір азаматы казиноға бармайды деп ойлаймын», - деді халық қалаулысы. 

Естеріңізге сала кетейік, «Қырғыз Республикасындағы ойын қызметі туралы» заңға сәйкес 21 жасқа толмаған Қырғызстан азаматтары, шетелдіктер немесе мүмкіндігі шектеулі азаматтар ойын мекемесінің клиенті бола алмайды.

0 пікір
Мұрағат