Қырғыз ер-азаматтарының үштен бірі зейнет жасына жетпей бақилық болады
Қырғыз ер-азаматтарының үштен бірі зейнет жасына жетпей бақилық болады
5 жыл бұрын 3353 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қырғыздар да қартаяын деді – ел аумағындағы жасы 65-тен асқан қарттар саны 301 мың адамға жеткен. Қазіргі қырғыздарың жалпы халық санына шаққанда бұл айтарлықтай үлкен көрсеткіш: ел тұрғындарының жалпы санына шаққанда - 4,7%. Бұл деректі аталған елдің ұлттық статистикалық комитеті келтіріп отыр. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Алатаудың арғы жағындағы айыр қалпақты ағайындардың жарты млн азаматы зейнет жасында. Олардың жасы 63-тен асқан ер-азаматтардың қарасы шамамен 150 мың адамды немесе қырғыз бөріктілерінің 4,7%-ын құрайды. Ал жасы 58-ден асқан әйелдер қарасы 349 мың адам немесе қырғыз ақ жаулықтыларының 10,8%-ын құрап отыр. Қырғызстанның ұлттық статистикалық комитеті осы мәліметтердің негізінде мынадай тұжырым жасады: қырғыз жұртының зейнет жасындағы тұрғындардың денін әйелдер құрап отыр. Аталмыш елдегі әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы 75,6 жас, ал ерлер арасында бұл көқрсеткіш 67,4 жас. Қырғызстанда зейнет жасына аман-есен жететін әйелдер қарасы шамамен 90% да ерлерде бұл көрсеткіш 70 пайыздан аспайды.

0 пікір
Мұрағат